• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №488

552 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 шілде, Астана қаласы «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамын: 1. «Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 13 желтоқ­санда № 5036 болып тіркелген, 2008 жылғы 01 ақпандағы «Заң газетінің» № 16 (1416) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары»; 1-тармақ жойылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: әдіскер - оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының педаго­гика­лық қызметкері (жоғары оқу орындарынан басқа); әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны; әдістемелік кабинет – ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін білім беру ұйымның, облыстық (қалалық) білім департаментінің құрылымдық бөлімшесі; білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы; ғылыми әдістемелік жұмыс – педагогтардың кәсіптік құзыретін арттыру және білім беру процесінің инновациялық проблемаларын шешу арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі; оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) - білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше; оқу-әдістемелік бірлестіктер - әр түрлі деңгейдегі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі. оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсат­тарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидак­ти­калық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.»; 5-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»; «2. Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны» деген 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны»; 7-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «7. Бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) білім алушылардың ғылыми әлеуетін анықтау үшін (Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысу) оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және білім беру ұйымының педагогына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысандарын дайындау және өткізу;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу.»; 8-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «8. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын; «5) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс іс-шаралар өткізу;» 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын; «7) мамандықтар мен кәсіптер бойынша кәсіптік шебершілік конкурстарын тақырыптық және ғылыми семинарлар, конференциялар және ғылыми-әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды: 1) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды қорыту және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу; 2) арналған оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың білім алушылардың ағымдық үлгеріміне әсерін талдау; 3) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу; 4) білім алушылардың контингентін, олардың бейінін, дайындық деңгейін және мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын қалыптастыру жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу; 5) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;»; 6) білім беру үдерісін келешектегі демографиялық, экономикалық және салалық ахуалды ескере отырып, өңірлер бойынша және жалпы ел бойынша жоспарлауды ұйымдастыру; 7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу; 8) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу; 9) даярлаудың қолда бар және болашағы бар бағыттары бойынша мамандарға қажеттілікті болжау үшін деректер базасын құру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру; 10) дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу; 11) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау; 12) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру; 13) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу; 14) нормативтік құқықтық құжаттарды, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім маман­дықтарының жіктеуішін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 15) оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдар­ламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық кітапханалық жүйелерін енгізу; 16) оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға қатысу; 17) оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарла­маларын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып сараптау; 18) оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды әзірлеу; 19) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу; 20) оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау; 21) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу; 22) студенттердің, магистранттардың, докторант­тардың ғылыми-әдістемелік жұмысының мазмұны мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау; 23) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу; 24) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу; 25) мамандықтар бойынша магистранттарды, философия докторларын даярлауды ұйымдастыру және іске асыру; 26) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлеме­лердің, жобалардың сараптамасын жасау.». «3. Құрылымдық бөлімшелердегі оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі» деген 3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Құрылымдық бөлімшелердегі оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі»; 10, 11, 12, 13, 14 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «10. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бастауыш, негізгі орта, жалпы орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу проце­сін, оқу бағдарламаларын іске асыратын, үйлес­тіре­тін барлық құрылымдық бөлімшелерде (әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік пәндік және циклдік комиссияларда, кафедраларда, бөлімдерде, факуль­теттерде, институттарда), әдістемелік жұмыс қызмет­тің негізгі түрі болып табылатын ұйымдарда (республикалық, облыстық, аудандық, қалалық әдістеме­лік кабинеттерде), оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде (оқу-әдістемелік бөлімдерде, басқармаларда, орталықтарда, кабинет­терде) жүзеге асырылады. 11. Құрылымдық бөлімшелер оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты осы Қағидалардың негізінде және білім беру ұйымдарының жарғысында қарастырылған тәртіппен бекітілген ереженің негізінде жүзеге асырады. 12. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері санын мамандықтардың санына қарай, жоғары оқу орнының мамандануына, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай білім беру ұйымының кеңесі белгілейтін әдіскерлер болып табылады. 13. Құрылымдық бөлімшелер мынадай оқу-әдісте­мелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады: 1) кафедралардың, бөлімдердің, факультеттердің, институттардың оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау; 2) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды сараптау және оларға әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық) кеңестердің қарауы үшін ұсынымдар беру; 3) оқу-тәрбие процесінің, әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдамаларды пысықтау; 4) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуына талдау және ұсынымдама жасау. 14. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына тікелей басшылық жасауды білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына жалпы басшылықты сайланбалы өкілетті органдар: тиісті бөлімшелердің әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестері жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңесінің құрылу тәртібін және қызметін, құрамы мен өкілеттілігін білім беру ұйымының кеңесі анықтайды.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт­тарға, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, факультеттердің, бөлімдердің) тиісті әдістемелік комиссияларында, кафедраларда, кеңестерде, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде қаралатын жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді және барлық тиісті әдістемелік кеңестерде оң қорытындыны алғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы бекітеді.». «4. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі бірлестіктер» деген 4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі бірлестіктер». 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С.Ысмағұлова) заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Т.БАЛЫҚБАЕВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11934 болып енгізілді.